БАСТАПҚЫ БЕТ » КУРСТЫҚ ЖҰМЫС » Туризм, қонақ үй ісі » Туризмдегі EXPO көрмесінің рөлі КУРСТЫҚ

Жұмыс туралы ақпарат - Туризмдегі EXPO көрмесінің рөлі КУРСТЫҚ

Тақырыбы: Туризмдегі EXPO көрмесінің рөлі КУРСТЫҚ
Жыл: 2013
Көлемі, бет: 34
Мазмұны (Жоспар):

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1 EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары.................5

1.2 EXPO көрмесінің маңызы мен мақсаты..........................................................9

1.3 EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасы..........................................10

 

2 ТУРИЗМДЕГІ EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ

2.1 EXPO көрмесінің туризмде алатын орны мен маңызы................................14

2.2 Әлем бойынша EXPO көрмесінен түскен пайданы талдау.........................17

 

3 EXPO КӨРМЕСІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨРСЕТУДІҢ МҮМКІНДІГІ

3.1 Астананың EXPO-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуы - Қазақстанның жетістіктерінің танылуы..............................................................21

3.2 EXPO-2017 көрмесіне арналған туристік бағдарлама және оның

Болжамы.................................................................................................................24

3.3 EXPO көрмесі арқылы Қазақстан туризмінің даму болашағы...................27

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

Әдебиеттер тізімі:
  1. http://www.expo2017astana.com expo2017astana ресми сайты

 

  1. Лебедев С.М.,История Всемирных выставок – ЭКСПО, Москва, 2010

 

  1. Герасименко В.В. Выставки ЭКСПО 2005-2008 годов: Учебник / М.:
  2. Экспо, 2010.  

 

  1. История культуры: Учебник / под ред. В.А. Слепова, М.: 2007

 

  1. Мельник, В. А., Первые всемирные промышленные выставки конца XIX – начала XX вв., Спб., 2006

 

  1. Соколова, Н. Д. Всемирная выствка – для каждого, - М. : Феникс, 2006.

 

  1. Н. М. Свирина, И. Л. Шолпо, История Всемирных выставок, - М.: НЦ ЭНАС, 2003.

 

  1. Канат Шаймерденов, Халықаралық көрмелердің тарихы, Егемен Қазақстан, №89, 2012 жыл.

 

  1. Воскресенский, В. Ю. Международный туризм / В. Ю. Воскресенский. - М. : Юнити-Дана, 2008. - 464 с. - ISBN 978-5-238-01456-2. (инф)

 

  1. Буйленко, В. Ф. Туризм / В. Ф. Буйленко. - М. : Феникс, Неоглори, 2008. - 416 с. - ISBN 978-5-222-14486-2, 978-5-903875-67-2. (инф)

 

 

  1. Родионов, М. В. Туризм и туристская деятельность. Конспект лекций / М. В. Родионов. - М. : А-Приор, 2010. - 128 с.
Сипаттамасы:

Тақырыптың өзектілігі. Бүкіләлемдік әмбебап EXPO көр­мелері – бұл жаһандық маңызы бар оқиға, өз маңыздылығы бойынша тек бүкіләлемдік экономикалық EXPO көр­мелерінің форумдарымен ғана салыс­тыруға келеді, ал туристік ұтым­дылығы бойынша әлемдегі ең тарал­ған спорт­тық жарыстармен тепе-тең.

1851 жылы принц Альберттің ұсы­нысы бойынша Лондон қаласында бі­­рінші Бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме өткізілді. EXPO көрмелері әлем елдері­нің экономикалық, ғылыми, тех­ноло­гия­лық және мәдени жетістік­терімен танысуға тамаша мүмкіндік беретін оқиға ретінде кеңінен та­ныл­ды және тарихи тәжірибе айнасы, ин­новация­лық идеялармен алмасу, бірігу мен келешекке деген ұжымдық көзқарасты танытатын шара болды. Одан бері 161 жыл өтсе де EXPO көр­ме­лері өз маңыз­ды­лығы мен мәртебе­сін жоғалтқан жоқ. Керісінше әлем­дегі ең беделді көрме алаңы бо­лып та­былады. EXPO көрмелерін мил­лион­даған туристер келіп көреді, сондықтан әр ел ұлттық мәдениет ерек­шелігі мен өз экономи­ка­лық, технологиялық даму деңгейін әлемге танытатын бірегей павильонын жа­сауға ұмтылады. Осының нәтиже­сін­де келушілер павильондардың ға­жайып сәулеттік бейнесімен бірге ең жаңа ғылыми жетістіктер негізінде жасалған экспонаттарды көруге мүм­кіндік алады.

Көрме — экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және т.б. қоғамдық салалардағы жетістіктерді жариялап көрсететін демонстрация. Бұл ұғым сол іс-шараны немесе оның өткізілу орнын сипаттайды. Көрменің көптеген түрлері бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, жалпы және салалық. Салалық көрмелерге көркемөнер, өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық көрмелері жатады. Уақытына байланысты көрмелер уақытша және тұрақты болып жіктеледі.

Көрмелер кез келген елдер мен халықтар үшін үлкен тәрбие мен нәтижеліліктің көрінісі болып табылады. Көрмелер тақырыбын ашатын болсақ, адамзат мәдениетінде Экспо (Expo) көрмесінің орны ерекше.

Экспо техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды.

Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017 жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек, оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланады. Қазақстан (Астана) көрмесі Бельгияның (Льеж) көрмесімен бақталастырып отыр.

Осының негізінде курстық жұмыстың мақсаты — ЕХРО көмесінің маңыздылығы мен оның біздің еліміз үшін беретін артықшылығын қарастыру. Бұл тікелей экскурсиялардың дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Сонымен қатар көрмелер мемлекет үшін экономикалық табыс көзі болып та табылады.

            Елорданың мәдени дамуы да ма­ңыз­ды іс. EXPO өткізу кезінде Астана қа­ласы дүниенің әр бұрышынан кел­ген әр түрлі мәдениет үндеріне то­ла­ды. Күн сайын көрме аумағында кон­церт­тер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.

            Туристтер мен көрмеге қатысушы­лардың көп саны оларға қызмет көр­сетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені ке­лу­шілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудар­машылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады.

            Зерттеудің міндеттері:

1. Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдарын зерттеу;

2. EXPO көрмесінің маңызы мен мақсатын білу;

3. EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасын есептеу;

4. EPO көрмесінің туризмде алатын орны мен маңызы

5. Әлем бойынша EXPO көрмесінен түскен пайданы талдау

6. Астананың EXPO-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуын анықтау;

             Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кірсіпе, 3 бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.